Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы тастап кеткен: Павлодарда бір жасар бала аялдамадан табылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар облысында трамвай аялдамасынан табылған 1 жасар бүлдіршіннің анасының қайда екені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Еске сала кетсек, кеше кешкі сағат 21:00 шамасында Павлодар қаласындағы трамвай аялдамадан кішкентай бала табылған еді.

"VITA Павлодар қаласының іздеушілері" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, оларға бүлдіршіннің әжесі қоңырау шалған.

Еріктілер сол арқылы баланың анасын тауыпты. Бөбектің есімі - Батыр.

Екатерина аялдамадан табылған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін тілге тиек етті.

"Біздің іздеуші жасақ Павлодар қаласының полиция қызметкерлерімен бірге әйелдің қайда екенін анықтап, тапты. Құрметті аналар! Қандай жағдай болса да, балаңызды мынадай суықта далаға дәл осылай тастап кетпеңіздер", - деді "VITA Павлодар қаласының іздеушілері" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.

Еске салсақ, бұған дейін Сочидегі сауда орталықтарының бірінде ондаған адам эсклаторға қысылған бүлдіршінді құтқарып қалғанын жазған едік.

Одан бөлек, 87 жастағы кейуана айлакерлігінің арқасында ажалдан құтылып кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886757-pavlodarda-1-zastagy-bala-aaldamadan-tabyldy/

pixel