Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімі карантин күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Фото: sagintayev.b

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантиннің күшейтілуі мүмкін екенін Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға санитарлық ережелерді қатаң сақтау керектігін ескертті.

"Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз", - деп жазды ол желі парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында карантиндік шаралар күшейтілген еді. Ұйғыр аудандық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен елді мекенге кіретін жолдарға блок-бекеттер қойылды.

Сонымен қатар, Алматыда қыркүйектен бастап 115 оқушы коронавирус дертін жұқтырғаны анықталды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Бекшиннің айтуынша, онлайн режимде оқитын оқушылар инфекцияны кеңседе жұмыс істейтін және көпшілік жерге баратын отбасы мүшелерінен жұқтырған.

Одан бөлек, елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Алматыда коронавирустың өсу қарқынының эпидемиологиялық жағдайы қиындап барады. Қалада коронавирус жұқтыру көрсеткіші жеті есеге өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886963-almaty-kimi-karantin-ksejtilui-mmkin-ekenin-mlimdedi/

pixel