Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада карантин тәртібін бұзғандар 175 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

Опубликовано:

Дәмхана
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзғандар 175 миллион теңгеден астам айыппұл төледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мобильді топтар карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда. Полиция қызметкерлері, аудан әкімдіктері өкілдері, еріктілер сауда орталықтарын, кафелер мен мейрамханаларды тексереді.

Сонымен, 30 қарашада сағат 00.54-те кестеге бағынбай жұмыс істейтін "Пират" сыра бары анықталды. Сол күні сағат 00:10-да тексерушілер қалалық сауналардың бірінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Меншік иелеріне қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Барлығы 28 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты аудандық полиция басқармаларынан 2176 материал келіп түскен. Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 1111 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 219 487 554 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 175 316 635 теңгеге 884 әкімшілік айыппұл төленді.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен онлайн брифингте елде коронавирус бойынша экпидемиологиялық жағдайдың "нашарлау үрдісі бар екенін" мәлімдеді. Қазақстанда желтоқсан-қаңтар айында карантин енгізілуі мүмкін.

Оған қоса, Түркістан облысының полицейлері карантиндегі кезекті тойды тоқтатты. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында карантин талабын орындамаған 270 азамат анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887268-elordada-karantin-trtibin-bzgandar-175-million-tegeden-astam-ajyppl-tledi/

pixel