Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Patrul.kz

Елімізде алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайды деп жазады Қазақпарат.

Агенттіктің мәліметінше, парламент мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған.

Аталған заң жобасын парламент депутаттары әзірлеген.

Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің айтуынша, бұл құжат жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізушінің өзімен бірге алып жүруіне міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделген.

Аталған нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау ұсынылады, дейді мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Одан бөлек, бұл түзетулердің шетел жүргізушілері мен шетелдің көлік құралдарына қолданылмайтыны белгілі болды.

Сонымен қатар заң жобасында жол салушыларды жолға байланысты құрылыстарды алдын ала келісуге және оларға сараптама жүргізуге міндеттейтін нормалар ескерілген.

"Шығарылған уақыты 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы мемлекеттік тіркеуге тыйым салу ұсыналады", - дейді депутат.

Еске салсақ, бұған дейін біз елімізде көлік жүргізушілеріне жүргізуші куәлігінсіз қатынауға рұқсат етілмек екендігін жазған едік.

Одан бөлек, көлік жүргізу құқығынан айырылған 300-ден астам алматылық рөлге мас күйде отырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887405-endi-kazakstanda-zrgizusi-kuligin-alyp-zrmegeni-sin-ajyppl-salynbajdy/

pixel