Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүргізуші куәлігін алу үшін енді наркология мен психдиспансерден анықтама қажет емес

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Patrul.kz

Ішкі істер министрлігі енді жүргізуші куәлігін алу үшін наркология мен психдиспансерден анықтама қажет емес екенін айтты деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, психо – және наркодиспансерлік есепте тұрғаны бойынша тексерулерді жүзеге асыру мәселесін пысықтап жатқанын жеткізді.

Министрлік осы мекемелердің базаларынан деректерді жалпы базаға біріктіруді ұсынып отыр.

Осылайша, ХҚКО мамандары жүргізуші куәліктерін ақпараттық ресурстар арқылы берген кезде өтініш берушінің есепте тұрғанын немесе жоқ екенін кез келген уақытта тексере алады.

Айта кету керек, бүгінде бірде-бір мамандандырылған ХҚКО-да полиция қызметкерлері жоқ. Олар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қашықтықтан, ақпараттық жүйелер арқылы қатысады.

Бұл полицияның қызмет алушылармен және ХҚКО қызметкерлерімен байланыс жасауын болдырмауға мүмкіндік берді.

Ведомсто мәліметінше, қызмет көрсету азаматтар үшін барынша ашық және ыңғайлы келесі схема бойынша жүзеге асырылады:

  • өтініш беруші қарапайым халыққа қызмет көрсету орталығына немесе мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінеді;
  • ХҚКО қызметкері автокөлікті тіркеуге және қайта тіркеуге құжаттарды қабылдауды, жүргізуші куәлігін беруді, практикалық және теориялық емтихандарды қабылдауды және басқада қызмет түрлерін жүзеге асырады;
  • полиция офицерлері электрондық өтінімдерді қашықтықтан қарайды, бұл ретте жүйе өтінімдерді қызметкерлер арасында өзара бөледі.

Айта кетейік, ІІМ жүйелі цифрландыруды жүйелі жүргізуде және ведомство көрсететін мемлекеттік қызметтердің 90%-ға жуығы цифрлық форматқа көшірілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайтынын жазған едік.

Сонымен қатар ішкі істер министрлігі елімізде жол ережесін бұзғандардың статистикасын жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888695-zrgizusi-kuligin-alu-sin-endi-narkologia-men-psihdispanserden-anyktama-kazet-emes/

pixel