Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір қаласы жаңажылдық отшашудан бас тартты

Опубликовано:

Отшашу1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордада жаңажылдық мерекеге орай отшашу болмайды. Дәстүрге арналған шараға бюджеттен қаржы мүлдем қарастырылмаған деп хабарлайды Хабар24.

Қалада қысқы мейрамның сән-салтанатын аша түсетін жаңажылдық безендірулерге де қаражат бөлінбеген екен.

Ал мерекенің басты нышаны болып табылатын қаланың бас шыршасы орталық алаңға 25 желтоқсан күні қойылатыны белгілі болды.

Алайда шырша маңында жылдағыдай думанды кеш ұйымдастырылмайды. Алаңда жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерт те болмайды.

Биліктегілер болса, "қала көшелеріне бұрын алынған тақырыптық көрнекі құралдарды қоямыз" деп отыр. Сондай-ақ қоғамдық іс-шараларға рұқсат етілмейді.

"Пандемия басталған кезеңде 2020 жылдың наурыз айынан бергі мерекелік шараларға бөлінген қаржыны біз мәдениет бөлімінен алып, басқа әлеуметтік қажеттіліктерге қарай бағыттадық. Дегенмен, елдің еңсесін көтеруге, халықтың мерекені сезінуіне жағдай жасау үшін біз бұрын алған қажеттіліктерді орнататын боламыз", - дейді қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы Жаңа жылға орай безендірілмейтіні хабарланған еді. Қаланы безендіруге бөлінген қаражат коронавирусқа қарсы күреске пайдалану үшін бюджетке қайтарылған.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қала тұрғындарына жаңажылда ұжымдық кештер өткізуге рұқсат жоқ екенін, тіпті жаппай серуендеуге болмайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889262-elimizdi-tagy-bir-kalasy-zaazyldyk-otsasudan-bas-tartty/

pixel