Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жел мен бұрқасын": Қазақстанның бірнеше облысында дауылдық ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Боран астана
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты синоптиктер 17 желтоқсанда бірнеше өңірде дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мамандардың болжамынша, бүгін Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Көкшетау қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

17 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

17 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Сондай-ақ бүгін Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Петропавл қаласында да күндіз 17 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

17-19 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 19 желтоқсанда кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысып, күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Тараз қаласында да 17-19 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. 19 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

17 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталса, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Сонымен қатар таяуда Ресей қалаларының біріне қалың қар түскен жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889726-zel-men-brkasyn-kazakstanny-birnese-oblysynda-dauyldyk-eskertu-zarialandy/