Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте карантин 11 қаңтарға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Шымкент1
Фото: facebook.com/akimat.shymkent

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Шымкент қаласының аумағында карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы" қаулысы шықты деп хабарлайды қаланың санитарлық-эпидемиологиялық департаменті.

Оған сәйкес, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылатын болады.

Құжатқа сәйкес:

  • Жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру қажет.
  • Сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдардың көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық жұмыстар жасалуы керек.
  • Сауда-ойын сауық орталықтары, сыйымдылығы 30% аспайтын сауда үйлері, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады.
  • Жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің қозғалысына сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат.

Ал Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілді. Өңірде 18 желтоқсан 00.00-ден бастап санитарлық бекеттер алынады. Олар облысқа кіруді/шығуды бақылау үшін қойылған еді.

Сонымен қатар "қызыл" аймаққа Атырау облысы да кіргенін айта кетейік. Бұған дейін аталмыш аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана бар еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889750-symkentte-karantin-11-katarga-dejin-zartyldy/

pixel