Тұман мен көктайғақ: Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" желтоқсанның 18-і күнгі ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстік циклон жырасы Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарына әсерін сақтайды. Нәтижесінде аталған аймақтың кей жерлерінде қар жауады деп күтілуде. Еліміздің қалған аумағы антициклонның ықпалында қалады, яғни күн жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстігінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болып, жел күшейеді, түнде кей жерлерде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрді, күндіз 15-20 метрді құрайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 метр болады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жаланашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болады.
Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның бірнеше облысында дауылдық ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.
Одан бөлек, елімізде биыл қыс қандай болатынын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889785-tman-men-kktajgak-sinoptikter-aua-rajy-bolzamyn-zarialady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.