Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбиін баласы жоқ қайын ағасы тартып алғанын айтқан әйелдің жазбасы тексерілді

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Орал қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде жаңа туған сәбиі ұрланғаны туралы шағымданып, жазба жариялады. Полиция жазба бойынша тексеріс жүргізді деп хабарлайды zakon.kz.

Facebook желісінің қолданушысы парақшасында екі айлық баласынан айырылып қалғаны туралы жазба жариялаған.

Жазба авторының айтуынша, ұлы дүниеге келгеннен кейін 40 күн өткен соң, енесі оған салонға баруы үшін қолына ақша ұстатады. Шашын қидырып, жөнделіп, кері оралған келіншек үйден ешкімді таппай қалған екен.

"Сөйтсем, енемнің баланы үлкен ұлына беріп жібергені анықталды. Ал олардың өз баласы жоқ. Жүктілік кезінде олар маған баламды беруімді өтінді, бірақ мен мұндай ұсыныстан бірден бас тарттым. Күйеуім үнсіз, олар (үлкен ағасының отбасы - авторлық ескерту) балалы болғысы келетіндерін айтады.

Менің балам емшекте, ол мені шарқ ұрып іздеп жатқаны хақ. Мен бірден үлкен ұлымды алып, төркініме кеттім. Полицияға арыз жаздық, бірақ одан пайда жоқ, ағам екеуіміз күнде қайын ағамның үйін күзетеміз, бірақ олар үйінде жоқ, есіктері тарс жабық, көшіп кеткен секілді. Маған баламды табуға көмектесіңіздерші", - делінген хабарламада.

"Мой город" порталындағы мәліметке сәйкес, полиция жазбаға қатысты тексеру жүргізген.

Айта кетерлігі, жазбада ешбір адамның есімі, мекен-жайы немесе өзге де іліп алар ақпарат болмаған.

Орал полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Мадина Құспанованың айтуынша, жазба авторын анықтау мақсатында тәртіп сақшылары оның үйіне барған.

Сұрақ-жауап алу кезінде әйелдің жаңа туған баласы болмағаны, тек алты жасар баласы бары анықталды. Тек бірнеше ай бұрын оның әлеуметтік желідегі аккаунты бұзылған екен. Кейіннен әйелдің атынан әлдебіреу осындай сипатта жазба жариялапты.

"Біз оның аккаунтын бұзу фактісі туралы арызын қабылдадық. Әйелдің қайын енесі осы ауылда тұрады", - деп түсіндірді Мадина Құспанова.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе кафелерінің бірінде бойжеткен 4 мың доллары мен миллион теңгесін ұрлатып алғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, жарына бал айының орнына қоқыс тазалауды ұсынған жігіт жұрттың мақтауына ие болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889902-sbiin-balasy-zok-kajyn-agasy-tartyp-alganyn-ajtkan-jeldi-zazbasy-tekserildi/

pixel