jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жарына бал айының орнына қоқыс тазалауды ұсынған жігіт жұртты сүйсінтті (фото)

Қалыңдық
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанда бал айына барудың орнына жағажайдағы қоқысты тазалаған жас жұбайлар жұрттың мақтауына ие болды деп жазады indianexpress.com.

Үндістанның Картанака штатында тұратын жас жұбайлар Анудип пен Минуша Хедге туған өлкесіндегі жағажайдың қоқыстан көз ашпай жүргеніне алаңдаумен болған.

Нәтижесінде, Анудип бал айын елден ерекше өткізуге ұсыныс жасайды. Жас жұбайлар коронавирус салдарынан ешқайда сапарға шыға алмайтындықтан, жігіт жан жарына бал айында демалудың орнына жағажайды бірге қоқыстан тазалауды ұсынған.

27 қарашадан 5 желтоқсанға дейін тынбай еңбектеген ерлі-зайыптылар жағажайдың 70%-ын қалдықтардан тазалай алды.

Бұл жайттың куәсі болған өзге тұрғындар жастарға көмек қолын созып, тазалау жұмысына қосыла кеткен.

Анудиптің әке-шешесі алғашында ұлын есінен адасқан деп ойлағанын жасырмады. Олар үйлену тойынан кейін бірден қоқыс тазалауға тура келген келініне шын жүректен жандары ашығанын айтады. Алайда Минуша күйеуінің ұсынысына қуана келісіп, қолдау білдірген.

Жас жұбайлар
Фото: Anudeep Hegde

Жергілікті тұрғындар мейірімді іс жасаған жас жұбайларға мақтауларын жаудыруда. Десе де ерлі-зайыпты мұндай істі мақтау есту немесе танымал болу үшін емес, туған жері үшін шынайы жандары ашығасын барғандарын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Оман мемлекетінің Маскат қаласында тұратын 51 жастағы әйел үйіне 480 мысық пен 12 итті паналатқанын жазған едік.

Одан бөлек, Замбияда ашуға булыққан әйел өзіне 8 жыл бойы үйленбей қойған жігітін сотқа бергенін жазған болатынбыз.

Жарына бал айының орнына қоқыс тазалауды ұсынған жігіт жұртты сүйсінтті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.