Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус пен пневмония құрбандарының саны көбейді

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам көз жұмғаны белгілі болды. Ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram парақшасында жарияланды.

Ведомство ақпарынша, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан алты адам қайтыс болған.

20 желтоқсан күнгі дерекке сәйкес, елде 25 350 мың (13 622 КВИ+ и 11 728 КВИ-) адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр.

Олардың ішінде 4482 науқас стационарда, 20 868-ы амбулаториялық деңгейде деп мәлімдеді министрлік.

Науқастардың ішінде 259 адам ауыр халде, 38 науқас аса ауыр жағдайда, ал 37 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19 белгілері бар пневмония туралы ақпарат 2020 жылдың 20 желтоқсанында "Коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК" Telegram парақшасында жарияланды.

"Өткен тәулікте ауру жұқтырудың 25 жағдайы, төрт өлім тіркелді. Бір тәулікте 61 адам аурудан айығып шықты",- делінген хабарламада.

Еске салайық, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 652 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 146 584-ке жетіп отыр.

Ал Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты. Мұндай мәлімет Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау орталығының сайтында жарияланған Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректерінде жария етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889916-elimizde-koronavirus-pen-pnevmonia-krbandaryny-sany-kbejdi/

pixel