Ұлының ұятсыз журналдарын лақтырып жіберген ата-ана жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
АҚШ-та ұлының ұятсыз журналдары мен ойыншықтарын лақтырып жіберген ата-ана сотта жауапқа тартылды деп жазады inshe.tv.
АҚШ-тың Мичиган штаты Оттава округында тұратын 42 жастағы Дэвид Веркинг өзінің порножурналдары мен секс-ойыншықтарын рұқсатсыз лақтырып жіберген ата-анасын сотқа берді. Сот ер адамның шағымын қарастырып, оның пайдасына шешім шығарған.
Сот ата-анасын оған өтемақы төлеуге міндеттеп, екі тарап ақпан айының ортасына дейін бір келісімге келуі керек деп шешті. Ер адамның өзі шығындарын 25 мың долларға бағалап отыр.
Веркингтің адвокаты ата-анасынан үш еселенген өтемақы алуды талап етуде. Себебі, айтуынша, бұл жай ғана ұятсыз журналдар емес, журналдардың сирек кездесетін даналары.
"Бұл таптырмайтын мүліктерден құралған коллекция болатын", - дейді адвокат.
Веркингтің өзі 2016 жылы ажырасқаннан кейін ата-анасының үйіне оралған. Уақыт өте келе, ол коллекциясы жинақталған 10-ға жуық қорабын бөлмесінен таба алмай дал болады. Кейінірек әкесі оған электронды пошта арқылы "бұл бәлелерден құтылуға көмектесіп, оларды лақтырып жібергенін" жазады.
Сот ата-ананы ұлының мүлкін рұқсатсыз лақтырғаны үшін кінәлі деп тапты. Ата-анасы болса, өз кезегінде ұлына өз үйлерінде порнографияға жол бермейтіндерін бірден ескерткендігін алға тартуда.
Енді олар ұлының өздерімен бірге өмір сүруіне рұқсат бермейтіндігін, оның барлық мүлкін пошта арқылы ұлына қайтаруға шешім қабылдағанын айтуда.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та екі жасар сәбиіне медициналық маска таққызбаған отбасы ұшақ бортынан түсірілгенін жазған едік.
Одан бөлек, Иранда Сахар Табар лақап атымен танылған блогер Фатима Хишванд он жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889961-lyny-atsyz-zurnaldaryn-laktyryp-zibergen-ata-ana-zauapka-tartyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.