RU

YouTube-тің алты жастағы жұлдызы Forbes тізіміндегі табыстылардың қатарына енді

Анастасия Радзинская
Фото: instagram.com/likenastya

Ресейлік Анастасия Радзинская 2020 жылы ең көп табыс тапқан YouTube жұлдыздарының ондығына кірді деп жазады Forbes журналы.

Алты жасар блогер табысы көптердің тізімінде жетінші орынға жайғасқан. Басылымның есептеуінше, бір жыл ішінде Анастасия 18,5 млн доллар табыс тапқан.

"Роликтері түрлі-түсті, сөздері мәнерлі және күрделі тілді қамтымайды. Бұл оны бүкіл әлемдегі балалар аудиториясы үшін өте қолайлы етеді", - деп жазады басылым.

You Tube-тегі Like Nastya арнасына жалпы алғанда 190,6 миллион адам жазылған. Ал қаралымдар саны 39 миллиардтан асып түскен.

Одан бөлек, Анастасияның TikTok-тегі парақшасында үш миллионнан астам жазылушы бар.

Анастасия роликтерінде күнделікті шұғылданатын ісін, отбасылық саяхаттағы сәттерді көрсетеді.

Айта кетсек, бұл тізімде бірінші орынды балалар ойыншығына шолу жасайтын тоғыз жастағы Райан Каджи иеленген. Оның жылдық табысы 29,5 млн долларды құрады.

Еске сала кетсек, Канадада тұратын 7 жасар қыз 80 келілік штанганы көтеріп, көпшілікті таңғалдырған еді.

Сонымен қатар Үндістанда тұратын 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанған болатын. Архам Ом Талсания Python әмбебап бағдарламалау тілін білу сынағын сәтті тапсыра алған.

Сондай-ақ Лос-Анджелесте жағдайы төмен отбасында тұратын сегіз жасар бала жеке бизнес бастаудың арқасында, кедейліктен арылып, жаңа үй сатып алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890015-youtube-ti-alty-zastagy-zldyzy-forbes-tagy-tabystylardy-kataryna-endi/