Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 15 жасар сүйіктісімен төсектес болған бозбала 10 жылға қамалды

Опубликовано:

Қос ғашық
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбеде өзінен төрт жас кіші қызға ғашық болып, теріс қадамға барған бозбалаға сот үкім шығарды. Кәмелеттік жасқа толмаған сүйіктісімен жыныстық қатынаста болған 19 жастағы жігіт енді 10 жылын темір тордың ар жағында өткізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үкім Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Сот отырысы жабық есік жағдайында өтті.

Іс материалдарында 19 жастағы бозбаланың 15 жасар қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскені расталды. Жәбірленуші тарап сотталушыға кешірім беруді сұрап, оны бас бостандығынан айырмауды өтінген.

Қылмыстық кодекстің 122-бабы, 3-бөлігі 1-тармағымен айыпты деп танылған жігіт кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін кінәлі деп танылды. Сотта 16 жасқа толмаған қызбен жақындасу қылмыс екені түсіндірілді.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін де Ақтөбеде өзіне екі жас кіші, кәмелеттік жасқа толмаған қызбен төсектес болған 18 жастағы жігіт те 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Оған қоса, Ақтауда каратэ-додан жасөспірімдер жаттықтырушысына сот үкімі шыққаны туралы жазған болатынбыз. Оған кәмелет жасына толмаған тәрбиеленушімен еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылған. Іс Маңғыстау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890206-aktbede-15-zasar-sjiktisimen-tsektes-bolgan-bozbala-10-zylga-kamaldy/

pixel