Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да сырғанап жүріп, ағашқа соғылған келіншек ес-түзсіз жатыр

Опубликовано:

Сырғанақ
Фото: "Астана" телеарнасы

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында сырғанақта жүріп ағашқа соғылған тұрғын жайлы хабарлаған едік. Оның жағдайын баяндаған ақ халаттылар келіншектің халі ауыр екенін айтты деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Оқыс жағдай Борки кентінде болған. Тюбингпен сырғанаған 37 жастағы келіншек ағашқа соғылып, ауруханаға жеткізілген.

"Алған жарақаттар нәтижесінде комаға түсті. Қазір көпсалалы облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер екі ота жасады. Жағдайы ауыр. Жасанды өкпені желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер қолдан келгенін жасап жатыр. Алған жарақаты бас сүйегіне қатысты", - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Келіншек оқыс жағдайға ұшыраған сырғанақ тебетін жер негізінде шаңғышыларға арналған көрінеді.

"Бізде бірнеше сырғанақ болса да, оның біреуінде ғана шанамен сырғанауға болады. Бұл сырғанақтың ережесінде жазылған. Бірақ адамдар оған мән бермейді. Бұл әйел шаңғышылардың жолағында сырғанаған", - дейді Олимпиада резервін дайындау орталығының жетекшісі Ольга Надобенко.

Қайғылы жағдайға кімнің айыпты екені әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын бастап кеткен.

"Бұл факті қалалық полиция басқармасының бірінші бөлімімен сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіміне қылмыстық кодекстің 114 бабы яғни абайсыздан денсаулыққа зиян келтіру бойынша енгізілді. Бүгінгі таңда куәгерлерден жауап алынып, тергеу жүргізілуде", - дейді СҚО полиция дептарменті баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин.

А. Құрманкин

Айта кетсек, соңғы аптада төбешікте сырғанауға қатысты осымен үшінші рет қайғылы жағдай тіркеліп отыр.

Нақтырақ айтсақ, Алматы облысында 10 жастағы қыз бала сырғанау кезінде ауыр жарақат алып, қайтыс болса, Қарағанды облысында әйел адам омыртқасын зақымдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890284-sko-da-syrganap-zrip-agaska-sogylgan-kelinsek-es-tzsiz-zatyr/

pixel