RU

Нұр-Сұлтанның бас шыршасы қашан жанатыны белгілі болды

Шырша
Фото: astana.gov.kz

22 желтоқсанда ел астанасы Нұр-Сұлтанда барлық жаңа жылдық шыршалардың шамы жағылады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

22 желтоқсан сағат 20:00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңа жылдық шыршалары жанатыны белгілі болды. 

Әкімдіктің жазуынша, карантинге байланысты азаматтар іс-шараларға жаппай қатыспағаны, санитарлық нормаларды қатаң сақтағаны дұрыс

"Сондай-ақ 22 желтоқсанда «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20.00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды.  Бұл флешмобқа кез-келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады", - делінген әкімдіктің ресми сайтында.

Сонымен бірге, Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы Жаңа жылға орай безендірілмейтіні хабарланған еді. Қаланы безендіруге бөлінген қаражат коронавирусқа қарсы күреске пайдалану үшін бюджетке қайтарылған.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қала тұрғындарына жаңажылда ұжымдық кештер өткізуге рұқсат жоқ екенін, тіпті жаппай серуендеуге болмайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890381-nr-sltanny-bas-syrsasy-kasan-zanatyny-belgili-boldy/