Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында тас жолдан табылған бала туралы тың ақпараттар пайда болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында жапан далада жалғыз өзі жүрген баланың анасы табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сенсек, 44 жастағы әйел жақында Өзбекстаннан көшіп келген екен.

Ол 5 жасар баласын ертіп, көрші шаруа қожалығына барғанын жеткізіпті. Алайда ұлын көлік ішінде қалдырған. Ал ол анасын күтпестен транспорттан шығып, тас жолмен тартып отырған, сол кезде оны жолдан өтіп бара жатқан жүргізуші байқап қалыпты.

Баланы камераға түсірген ер адам видеоны Whatsapp мессенджеріндегі топқа жіберген, одан кейін сол маңға жақын орналасқан үйден анасын тауып, баланы аман-есен табыстаған, дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство қазіргі уақытта бала анасының жанында екенін жеткізді.

Одан бөлек, ювеналды полицияның әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы ("Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы") бойынша жауапкершілікке тарту туралы мәселесін қозғап жатқаны белгілі болды.

Өз кезегінде анасы ұлын тауып берген ер адамға алғысын білдірді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысында ер адамның тас жолдан тоңып қалған кішкентай баланы тауып алғанын жазған болатынбыз. Жүргізуші бүлдіршіннің ата-анасын табу мақсатымен түсірген видеосын әлеуметтік желіге салған.

Видео авторы жеке жүк тасымалдаумен айналысатын Алматы облысының тумасы Бауыржан Қожаев болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890451-almaty-oblysynda-tas-zoldan-tabylgan-bala-turaly-ty-akparattar-pajda-boldy/

pixel