Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы коронавирус бойынша "сары" аймаққа қайта кірді

Опубликовано:

Көшеде маска таққан адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы COVID-19 таралу көрсеткіші бойынша "сары аймаққа" қайта оралды деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты.

Қазіргі уақытта Атырау облысы "қызыл аймақта", Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары аймақта" қалып отыр.

Басқа аймақтардың барлығы "жасыл аймақта".

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысы қайтадан "сары аймаққа" оралғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 733 адамнан коронавирус анықталды.

Осылайша, қазіргі уақытта елімізде COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 148 708-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдің екі ауданындағы 6 елдімекенде карантин жариялады.

Бұл шектеу шаралары Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустың таралуы мен өршуіне жол бермеу және жағдайды бақылау деңгейінде ұстап тұру үшін қабылданып отыр.

Облыстың мемлекеттік санитар дәрігері Арман Күшбасовтың айтуынша, Есіл өңіріндегі төрт ауыл карантинге жабылды. Олар: Явленка, Ясновка, Николаевка, Петровка. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаев қаласы мен Таманское ауылына да карантин енгізілген.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында шектеу шаралары жеңілдетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890544-almaty-koronavirus-bojynsa-sary-ajmakka-kajta-kirdi/

pixel