Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірқатар облысында жолдар жабылды

Опубликовано:

Көлік аяз күні жолда  жүріп келе жатыр
Көрнекі фото: Julian Stratenschulte/Picture alliance/Getty Images

Қазақстанда Солтүстік Қазақстан облысынан кейін тағы бірқатар өңірлерде де жолдар жабыла бастады. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласының жолдарында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды.

"Казахавтодор" ЖШС және "КазАвтоЖол" АҚ деректері бойынша 02.01.2021 ж. 18-00 ауа-райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі) Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық тас жол бағыттары бойынша қоғамдық көлікпен дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу енгізіледі" , - деп хабарланды елордалық ТЖД-нің ресми Telegram-каналында

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығы салдарынан Ақмола облысында да тас жолдар жабылып жатыр.

"02 қаңтар күні сағат 18-00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз -30-38) республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолында дизель және қоғамдық көліктің түрлеріне қозғалыс жабылды" , - деп жазылды облыстық ТЖД ресми Instagram парақшасында.

Сондай-ақ Қостанай облысында да қозғалыс шектелетіні хабарланды. Бүгін сағат 17.00-ден бастап республикалық маңызға ие жолдарда көліктің барлық түрі жүрмейтін болады. Бұл өңірде ауа температурасы -38 градусқа дейін төмендеп кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында да қоғамдық көлік пен дизельді көліктер қозғалысына шектеу енгізіледі. Қарағанды облысы мен елордада да осындай шара қолданылады.

Айта кетейік, бұған дейін қатты аяз салдарынан Солтүстік Қазақстан облысында да қатты аяз салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892085-kazakstanny-birkatar-oblysynda-zoldar-zabyldy/

pixel