Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның шығысында 40 градусқа дейін аяз болмақ

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Метеоқызмет мамандары Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайды болжап отыр. Дауылдық ескерту де жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 - дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Риддер мен Өскеменде сақталады. ШҚО-да 6 қаңтар түнде қатты аяз болады деп болжануда.

Кей жерде термометр бағаны 40 градусқа дейін төмендейді.

6-8 қаңтар күні Жамбыл облысында тұман күтіледі. Ал 6 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында, Оралда түнде және таңда тұман болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында 6 қаңтарда түнде екпіні 15-20м/с дейін жететін жел күтіледі. Ал Петропавлда түнде қатты жел соғуы ықтимал.

Айта кетейік, Павлодарда бірнеше күннен бері ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болып жатыр. Қолайсыз ауа райы салдарынан кіреберістегі есік пен қабырғаларға мұз қатып қалған.

Желіде тараған видеодан мұны айқын көруге болады.

"Қараңдаршы. Мен далаға шықпайтын сияқтымын", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Видеоны көрген желі қолданушылары жарыса пікір жазып, қалжыңдай бастаған.

"Иә, есік ашыла қоймайды", "Менің тоңазытқышым ас үйден жылы", "Мұзды кезең", - дейді пікір қалдырушылар.

Gismeteo деректеріне сүйенсек, Павлодарда 5 қаңтарда ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеген.

Сонымен қатар синоптиктер 5 қаңтарда еліміздің кей өңірлерінде дауылдық ескерту жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892375-kazakstanny-sygysynda-40-graduska-dejin-aaz-bolmak/

pixel