Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау және Маңғыстау облыстарында неліктен жаппай жарық сөнді

Опубликовано:

Жарық
Көрнекі фото: piqsels.com

10 қаңтар күні кешкі уақытта Атырау және Маңғыстау облыстарында жаппай электр қуаты үзілді. Оқиғаның себебі туралы Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы ("KEGOC" АҚ) хабарлады.

Компания электр қуатының үзілуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын айтты.

"Қарқынды мұз қалыптасуы, жаңбыр мен қар түріндегі ауа райының айтарлықтай нашарлауынан болған болатын қалыптан тыс ауа райы жағдайында оқшауланған жұмыс үшін Атырау мен Маңғыстау облыстарын бөле отырып, кернеуі 220 кВ "Индер-Атырау" жоғары вольтты электр беру желісі ажыратылды", – деп түсіндірді KEGOC-те.

Компанияда Қарабатан ГТЭС-інде жалпы қуаты 100 МВт екі генератор жұмысы тоқтатылғаны атап өтілді.

Бұл жағдай екі аймақта жиіліктің күрт төмендеуіне және тұтынушыларды ажыратып, жиіліктің төмендеуіне жол бермеудің автоматты түрдегі жұмысына әкеліп соқтырды.

Ұйым бұл екі аймақта жарықтың толық сөну қаупімен жиіліктің терең төмендеуі орын алған жоқ деп түсіндірді. Сағат 23:00 шамасында ЖЭО-3 МАЭК-те бір 200 МВт қондырғы, сондай-ақ Қарабатан газ-турбиналық электр станциясында бір генератор қосылды. Қазір компания қызметкерлері технологиялық бұзушылықты жою бойынша жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, Қазақстан энергетика министрі Орталық коммуникация қызметінде Қазақстанның бірнеше облысында жарықтың сөну себебін түсіндірген болатын. Айтуынша, энергетиктер олқылықтарды 17 минутта жойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893143-atyrau-zne-magystau-oblystaryndagy-zappaj-zaryk-snudi-sebebi-belgili-boldy/

pixel