RU

Каспийде мәнерлеп сырғанап жұртты тамсандырған 10 сынып оқушысы болып шықты

Нұрәлі
Кадр: Видеодан

Жуырда әлеуметтік желіде Каспиий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жас жігіттің видеосы тараған еді. Ақжайық басылымының жазуынша, видеодағы бозбала 10 сынып оқушысы.

Кәсіби мәнерлеп сырғанаушылар секілді өзін еркін ұстап, қалықтай билеген бозбаланың есімі - Нұрали Бектеміров.

Ол Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы. Ал бейнежазбаны түсірген оның туыс ағасы Әди Бектеміров екен.

"Бұл бейнежазбаны ұлым Әди түсірген болатын. Ал Нұрали туған інімнің баласы. Каспий теңізі ауылдан 40 шақырым жерде. Кішкентай кезінде өзім коньки әпергеннен кейін мұздан шықпайтын болды. Ауылда мұз айдыны болмағанымен Шарон өзені мұз болып қатқаннан кейін ауыл балалары содан табылады. Бұл бір жағынан шынығу болса, екінші жағынан таза ауаның денсаулыққа пайдасы мол ғой. Нұрали де сол көптің ішінде жүр", - дейді Құрманғазы тұрғыны Жандос Бектеміров.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізіне қыстауға келген аққулар туралы видео жарияланған еді.

Бұл роликті өзінің әсерлі видеоларымен бөлісіп жүрген Азамат Сәрсенбаев түсірген. Таңғаларлық кадрлар дронмен, жергілікті қонақүйлердің бірінің алдында түсірілген.

"100 метр қашықтықта тұрып осындай сұлулықты көрген сәтте өз-өзіңді ұстау қиын", – дейді Азамат.

Ол Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне ұшып келген бір топ фламингоны да видеоға түсіріп алған болатын.

Мамандар құстар бұл өңірге Теңіз көлі мен Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығынан ұшып келгенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893846-ksibi-sportsylar-sekildi-kaspijde-syrganagan-10-synyp-okusysy-bolyp-sykty/