Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Алматы қайтадан "жасыл" аймаққа кірді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау деректері бойынша оңтүстік астана коронавирусқа байланысты "жасыл" аймағына кірді деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram арнасы.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша республикада коронавирус таралуының көрінісі келесідей:

  • "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстары;
  • "сары" аймақта: Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта – барлық басқа аймақтар.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария еткен еді. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асып кеткен.

Айта кеткен жөн, елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандарға қатысты жаңа деректер шықты. Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам қайтыс болған.

Оған қоса, Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңге айыппұл салынды.

Карантин шарттарын бұзу жағдайлары арасында қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, бетперде тағу режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі жиі кездесіп жатыр.

Мониторинг тобымен анықталған кемшіліктер үшін 58 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3 019 720 теңгеге айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894239-koronavirus-almaty-kajtadan-zasyl-ajmakka-kirdi/

pixel