Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қылмыстық топ құрамына кірген әйел ұсталды

Опубликовано:

Келіншек
Фото: instagram.com/police_almobl

Алматы облысында жас келіншек қылмыстық топ құрамына кіріп, үйлерді тонаған. Күдіктіні қолға түсіру үшін оған іздеу жариялауға тура келген. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның дерегінше, өткен жылдың сәуір айында Қарасай ауданындағы жеке секторда төрт пәтер ұрлығы жасалған.

Тәртіп сақшылары төрт адамнан тұратын ұрылар топбын әшкерелеген. Топ құрамында Райымбек ауданында тұратын 30 жастағы келіншек те бар. Барлығы қолға түскен.

Бастапқыда әйелге бас бостандығынан айырумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалған.

Алайда 2020 жылдың қазанында Қарасай аудандық соты оны қамауға алу туралы үкім шығарған. Күдікті процесске келмегендіктен, оған іздеу жарияланған.

Жас келіншек 2021 жылдың 20 қаңтарында Алматыдағы көлік жуу орындарының бірінде қолға түскен.

Күдіктінің сөзінше, ол осы уақытқа дейін мегаполисте жасырынып, әртүрлі жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Еске сала кетсек, Орал тұрғынын түнгі клубта танысқан ару сыбайластарымен бірге өлімші етіп сабап, бір миллион теңгеге "отырғызып" кеткенін жазған едік.

Белгілі болғандай, клубта жігітпен танысқан бойжеткен екі сыбайласымен бірге оралдық азаматты тонап кеткен. Олар жігітті аяусыз соққыға жығып, үйдегі бағалы заттардың бәрін алып кеткен.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, келтірілген шығын 1 миллион теңгеге жетеді екен. Үйдегі ноутбук, алтын әшекей сияқты бағалы заттар қолды болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894935-almaty-oblysynda-kylmystyk-top-kramyna-kirgen-jel-staldy/

pixel