Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда баланың қайда жүргенін анықтайтын жүйе іске қосылады

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін "Тап мені" жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын ілкі жобаларға тоқталып өтсем. Бұл – баланың жүрген жерін анықауға мүмкіндік беретін "Тап мені" балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады", – деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Нұрділдә Ораздың атап өтуінше, баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады.

"Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі", – деді Нұрділдә Ораз.

Еске салсақ, 16 қаңтар Нұр-Сұлтанда 14 жастағы жасөспірім жоғалып кеткен болатын. Бір күн өткен соң, жасөспірімнің табылғаны белгілі болды.

Бұл жайында ақпаратпен волонтерлер бөлісіп, баланы іздеуге атсалысқан барлық жанға ризашылықтарын білдірді. Баланың қайда болғаны жайлы егжей-тегжейлі ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, Алматы облысының тұрғыны көршісінің баласын ұрлап әкетіп, оны ұрып-соғып, жертөледе зорлаған. Соттың ақпаратына сүйенсек, 2020 жылдың 7 наурызында ер адам мас күйде көрші баланы ұрлап әкеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895474-kazakstanda-balany-kajda-zrgenin-anyktajtyn-zje-iske-kosylady/

pixel