Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина міндетті әрі мәжбүрлі бола ма
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде барлық азаматтарға міндетті әрі мәжбүрлі түрде вакцина салына ма деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда вакцинация ерікті түрде болады.
"Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 77-бабына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек екпе ектіретін адамның келісімімен жасалады.
Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз болады", - делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар ведомство COVID-19-бен ауырғандарға екпе егіле ме және вакцинация алдында антиденелердің жоқтығы туралы анықтама қажет пе деген сауалдарға жауап берді.
"Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес, вакцинация ауырған соң 6 айдан кейін жасалуы мүмкін.
Қолдану нұсқаулығына сәйкес, вакцинацияға дайындау кезінде антидененің бар екендігі туралы анықтама қажет болмайды", - дейді министрлік.
Еске сала кетсек, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жаппай вакцина егу басталады.
Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі үкіметтің отырысында 2021 жылға арналған қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспарын жариялады. Жоспарда ақпаннан бастап жылдың әр айында қанша адамға екпе егу жоспарланғаны нақты көрсетілген.
Айта кетсек, вакцина салдырған қазақстандықтарға еркін жүріп тұру үшін электронды төлқұжат берілетін болады. Бұл туралы министр Алексей Цой хабарлаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895545-kazakstanda-koronaviruska-karsy-vakcina-mindetti-ri-mzbrli-bola-ma/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.