Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шетелге шығарса болды": Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Фото: Instagram/ kuat__khamitov

Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты сот отырысы өтті. Сот отырысында спортшы соңғы сөзін айтты.

"Ел намысын қорғап жүргеннен кейін менің алға қойған мақсатым, жоспарым бар. Сот қандай жаза кессе де, мен үшін ең бастысы шетелге шығуға мүмкіндік берсе болды", - деп келтіреді Хамитовтің сөзін Sputnik Қазақстан.

Сот үкімі 28 қаңтар сағат 14.30-да шығады.

Айта кетейік, Алмалы ауданы сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Аталған бапта азаматтың "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген.

Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.

Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.

Ал күні кеше ол министр алдағы эпидемиологиялық жағдайға болжам жасаған денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынға алды. Файтер өз пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896121-kuat-hamitov-sotta-sogy-szin-ajtty/

pixel