Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған қажет емес": Елордалықтар зейнетақы жинағын қайда жұмсағысы келетінін айтты

Опубликовано:

Елордалықтар
Скриншот: Sputnik Қазақстан

Нұр-Сұлтанда тұрғындар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін қайда жұмсайтынын айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ел тұрғындарына баспаналы болу немесе ем алу секілді маңызды мақсаттарға зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндік беріліп отыр.

Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотыңызда "жеткіліктілік шегі" болуы қажет.

"Отбасы банкі" ұсынған ақпаратқа сәйкес, тұрғындардың зейнетақы жинағы "жеткіліктілік шегінен" асатын өңірлердің көшін Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Маңғыстау, Атырау облыстары бастаған.

"Бұл төрт өңір бағдарламаға қатысатын БЖЗҚ салымшыларының 70%-дан астамын қамтиды", - деп хабарлады "Отбасы банкінің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласының кей тұрғындары зейнетақы жинағының арқасында баспана мәселесін шешкісі келетінін айтты.

Ал кейбірі жинақты алуға жеткілікті қаражат жинамағандарын айтады.

"Жинағымда артық ақша бар, бірақ мен ол қаражатты алмаймын, себебі, алғанның өзінде ол қаражат үй сатып алуыма жетпейді", "2009-да 18 жасқа толдым, сол жастан бастап жұмыс істеп келе жатырмын, ондай ақша жиналған жоқ", "Маған қажет емес. Ақша бар, бірақ шешпеймін. Себебі, оны түсінуімше, тек үй жағдайын жақсартуға жұмсай аласың", - дейді елордалықтар.

Еске салсақ, Қазақстанда баспана үшін зейнетақы жинағының бір бөлігі алуға өтінім қабылдау басталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896289-magan-kazet-emes-elordalyktar-zejnetaky-zinagyn-kajda-zmsagysy-keletinin-ajtty/

pixel