Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынайы вакцина емес": Қиясов өзін витамин салдырды дегендерге жауап берді

Опубликовано:

қиясов
Ерлан Қиясов. Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі және еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов шенеуніктер коронавирусқа қарсы шынайы вакцинаны салдырмайды деген қауесетке жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер вице-министрден шенеуніктерге COVID-19-ға қарсы екпенің орнына витамин немесе басқа вакцина салады деген болжамдарға пікір білдіруін өтінді.

"Бүгін сіздер бұл қораптардың қалай ашылып, препараттың тоңазытқыш камерасынан қалай алғанын, флаконның сіздердің алдыңызда қалай ашылғанын көрдіңіздер. Мұнда ешқандай бөтен қозғалыс болмағанын барлығыңыз бақыладыңыздар. Барлығы қолданыстағы нұсқаулық аясында жасалды", - дейді Қиясов.

Тұрғындар вакцинацияға сенбейтінін айтқан БАҚ өкілдеріне Ерлан Қиясов екпе туралы ақпаратты азаматтарға дұрыс жеткізуге кеңес берді.

Ал вакцина салдырғаннан кейін жағымсыз салдар туындаса министрлік әрбір жағдайды жеке дара зерттейді.

"Өндірушіден бастап медициналық мекемелерге дейінгі барлық кезеңдерде ортақ жауапкершілік бар. Денсаулық сақтау министрлігі әрбір жағдайды жеке зерттейтін болады. Мұндай жағдайларды тергеу үшін әр облыстық, өңірлік денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссиялар құрылады", - дейді санитар дәрігер.

Еске сала кетсек, бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпені алғашқылардың бірі болып бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896644-synajy-vakcina-emes-kiasov-zin-vitamin-saldyrdy-degenderge-zauap-berdi/

pixel