RU

Алматыда ірі жол апаты болды: Жүкті әйел зардап шекті (фото, видео)

Жол апаты
Фото: Sputnik/ Стрингер

Алматының Әл-Фараби даңғылында бес көлік жаппай жол апатына ұшырады. Бірнеше адам жарақат алды, оның ішінде жүкті әйел де бар.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жол апатына Hyundai Elantra жүргізушісі себепкер болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ол жоғары жылдамдықпен қатардан қатарға қайта-қайта ауысып, жол бойымен жүйткіп келе жатқан дейді куәгерлер.

Жол апаты
Фото: Sputnik/ Стрингер

Бір сәтте Elantra Hyundai Sonata-мен соқтығысып, артынша Hyundai Accent көлігіне ұрылған.

Содан кейін Elantra аллеяға ұшып түсіп, ондағы 2 ағашты бұзып өтіп, жолдың қарсы бетіне шығып кетеді. Ол тағы екі көлікпен - Toyota Camry және SsangYong-пен соқтығысады.

Жол апаты салдарынан Elantra жүргізушісінің өзі, сондай-ақ Hyundai көлігінің жүкті жолаушысы жарақат алды. Олар медициналық мекемеге жатқызылды.

Жол апаты
Фото: Sputnik/ Стрингер

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жол апатынан кейін сол аймақта үлкен кептеліс пайда болғаны туралы хабарламалар тарады. Zakon.kz порталы жария еткен мәліметтерге сәйкес, Алматы қаласы ПД тергеу бөлімінің басшысы Олжас Шәріпов бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оның айтуынша, алдын ала болжам бойынша, жол апаты Elantra жүргізушісінің әрекеттерінен туындаған.

Ескертпе! Видеода балағат сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896783-almatyda-iri-zol-apaty-boldy-zkti-jel-zardap-sekti-foto-video/