Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте 1161 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

вируссс
Көрнекі фото: www.rbc.ru

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты соңғы деректерді жария етті. Мәліметке сәйкес, өткен тәулікте елімізде 1161 адам коронавирус жұқтырған деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 76,

Алматы қаласы - 87,

Шымкент қаласы - 7,

Ақмола облысы - 195,

Ақтөбе облысы - 3,

Алматы облысы - 75,

Атырау облысы - 52,

Шығыс Қазақстан облысы - 86,

Жамбыл облысы - 8,

Батыс Қазақстан облысы - 55,

Қарағанды облысы - 80,

Қостанай облысы - 85,

Қызылорда облысы - 8,

Маңғыстау облысы - 8,

Павлодар облысы - 238,

Солтүстік Қазақстан облысы - 79,

Түркістан облысы - 19.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 189 131-ге жетті.

Еске салсақ, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жаппай вакцина салдыру басталды.

Екпені алғашқылардың бірі болып еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Сонымен қатар, Ерлан Қиясов вакцинаның қанша тұратынын айтып берді. Оның сөзінше, екі компонентті доза 26 доллар (11021,4 теңге) тұрады.

Оған қоса, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев бүгін коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасын салдырды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет Sputnik V вакцинасын аймақта бірінші болып салдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896788-elimizde-tken-tulikte-1161-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel