Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіз кенішінде тағы 51 жұмысшыдан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде тағы 51 жұмысшыдан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, коронавирус жұқтырған 51 адамның Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары екені белгілі болып отыр.

Сонымен қатар өңірде өткен тәулікте 76 адам індеттен жазылған. Қазір 345 адам үй жағдайында емделуді жалғастырып жатыр.

"Облыстық инфекциялық стационарда 73, ал аудандардағы стационарларда 23, Теңіз кенішіндегі стационарда 683 науқас емделіп жатыр" , - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары екенін хабарланған еді.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 1161 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 52-сі Атырау облысынан.

Сонымен қатар Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жаппай вакцина егу басталды. Екпені алғашқылардың бірі болып еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Сонымен қатар Ерлан Қиясов вакцинаның қанша тұратынын айтып берді. Оның сөзінше, екі компонентті доза 26 доллар (11 021,4 теңге) тұрады.

Дегенмен ол вакцинаның халыққа тегін салынатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896942-teiz-kenisinde-tagy-51-zmyssydan-koronavirus-anyktaldy/

pixel