jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" мамандары 6-8 ақпан күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады.

Жауын - шашынмен (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында – жаяу бұрқасынмен ауа райының нашарлауы, сонымен қатар көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады.

"Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады", - деді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгілі астролог Ирина Әбдірайымова қыстың соңғы айына болжам жасаған еді.

Оның болжамынша, ақпан айында нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар өзгереді.

"Әлеуметтік жағдай нашарлайды. Кейбір көшбасшылар саяси аренадан мүлде кетуі ықтимал. Көлік дәлізін қайта қарау мәселесі көтеріліп, оларға талас басталады. Табиғи апаттар, жарылыс, теракт, тау-кен, мұнай-газ, теміржол салаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарында апат болуы мүмкін, революциялық оқиға және билік трансформациясы болжануда", - деді маман.

Сонымен қатар қыстың үшінші айында банк, қаржы жүйесінде өзгерістер, қолма-қол ақшамен қиындықтар туындауы мүмкін.Валюта бағамы құбылады. Астролог доллардың нығаюы мүмкін екенін ескертті.

"Менен көбі "Ақшаны қай валютада сақтайын?" деп сұрайды. Мен жақын арада доллармен сақтауға кеңес беремін", - деді астролог.

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.