Елордада екі мың адамды жинап ұтыс ойынын ұйымдастырғандар кешірім сұрады (видео)
Опубликовано:

Елордада 2 мың адамның қатысуымен ұтыс ойынын өткізген кәсіпкерлер қала тұрғындарынан кешірім сұрады деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Ұтыс ойнын ұйымдастырушылар барлық жауапкершілікті өз мойнына алатындарын айтты.
"Іс-шараларды өткізу үшін қойылатын талаптар мен бас санитарлық дәрігердің нұсқамасы бұзылды. Қаламызға және жұртшылыққа келтірілген қолайсыздықтар үшін жауапкершілікті көтеруге дайынбыз.
Бұл іс-шара әкімдіктің және басқа да мемлекеттік органдардың келісімінсіз өткізілді. Қала тұрғындарының алдында кешірім сұраймыз. Біз жағдай бұлай ушығып кетеді деп ойламадық", - дейді гүл орталығының атқарушы директоры Темірлан Кенжебаев.
Айта кетейік, дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 230 АЕК немесе 670 910 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Кәсіпкерлер кінәсін мойындап, айыппұлды 7 күннің ішінде өтеуге келіскендіктен, төлем мөлшері 115 АЕК немесе 335 455 теңгені құрап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпанда Нұр-Сұлтанда екі мың адамның қатысуымен жаппай іс-шара ұйымдастырылып, кейін бұған полиция араласып, халық тараған болатын. Ал ұйымдастырушылар мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілген еді.
Белгілі болғандай гүл орталығы жаңа филиалының ашылуына орай ұтыс ойынын өткізген. Жаппай іс-шараға екі мыңдай адам жиналған. Қатысушылар маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сынды талаптарды сақтамай, вирустың таралу қаупін арттырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897921-elordada-eki-myn-adamdy-zinap-utys-oiynyn-uiymdastyrgandar-kesirim-surady-video/