jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Елордадағы атышулы ұтыс ойынына қатыспақ болғандар сол үшін несие алған

Ұтыс ойынына жиналғандар
Фото: liter.kz

Нұр-Сұлтанда гүлдер дүкенінің ашылуына орайластырылған ұтыс ойынына қатыспақ болған арулар сол үшін шағын несие алып, Шымкенттен елордаға келгенін, ақырында қарызға батып, күйзеліске түскендерін баяндады деп хабарлайды ZTB.kz.

Ұтыс ойынына қатысу үшін шымкенттік бойжеткен өзінің құрбысымен бірге жоғары пайыздық мөлшерлемемен 200 мың теңге шағын несие алып, елордаға жеткен.

Айтуынша, оларға ұтыс ойынын күту қиынға соғыпты. Ақыр соңында қарызға батқаннан басқа ештеңеге қол жеткізбеген арулар іс-шара тоқтатылғаннан кейін өз қаласына қайтып оралу да мұң болғанын айтады.

"Жаурап, аш қалып, ұтысты күттік. Нәтижесінде ұтыс ойыны болмады. Біз қалың жұрттың арасында болдық, шыға алмадық. Құрбым есінен танып қалды. Рейсті жіберіп алдық. Соңғы ақшамызға қайтарға билет алуымызға тура келді.
8 ақпанда таңғы сағат 5.30-да билет сатып алдық және үйсіз жандар сияқты қай жер болса сол жерде түнеп шықтық. Себебі қонақ үйлер өте қымбат. Біз намаз оқитын бөлмеде бір сағат ұйықтап алдық, сосын ол жерден бізді қуып жіберді. Тоңып, аш күйде үйге келдік", - деп есіне алды бойжеткен.

Ол өздерінің жасаған қателіктерін өзгелер қайталамаса екен дейді.

"Өтінемін, біздің қателіктерімізді қайталамаңыздар", - дейді ұтыс ойынының қатысушысы.

Шымкент тұрғыны өзінің және құрбысының басынан өткен барлық жағдайдан кейін күйзеліске түскендерін де жасырмады.

"Біз бұл сапар тағдырымызды өзгертеді деп үміттендік. Өтінемін, адамдардың тағдырымен ойнамаңыздар. Біз күйзеліске түстік. Шалқып өмір сүріп жатқаннан мұндай қадамға барған жоқпыз. Енді өмір сүргім де келмейді. Олар кей адамдардың 35 мың теңге жалақыға өмір сүріп жүргенін, тіпті, елестете де алмайды", - дейді ару.

Айта кетейік, ұтыс ойынын ұйымдастырған гүл орталығының басшылығы бұған дейін тұрғындардан кешірім сұраған еді.

Елордадағы атышулы ұтыс ойынына қатыспақ болғандар сол үшін несие алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.