Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабайда Аскания бұғылары фототұзаққа түсіп қалды

Опубликовано:

Аскания бұғылары
Видеодан кадр: t.me/ptrkkz

"Бурабай" ұлттық паркінде Аскания бұғылары фототұзаққа түсіп қалды. Сирек кездесетін кадрлар Қазақстан президенті телерадиокешенінің telegram арнасында жарияланды.

Аскания бұғысы - бұл Украинаның Аскания-Нова қорығындағы қызыл бұғының әртүрінен будандастыру арқылы алынған бұғының бір түрі. Бұл бұғылар Қазақстанға 1983 жылы әкелінген.

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Аскания бұғысының 1300-ден астам дарағы мекендейді.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысындағы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында барыс фототұзаққа түсіп қалған болатын.

Бұл жаңалықпен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында бөліскен болатын.

Аталған кезеңде қорық барысты зерттеу бойынша экспедиция ұйымдастырған. Сәкен Ділдахметтің айтуынша, экспедиция қорытындысы бойынша мамандар қорық аумағында мысық тұқымдастарының сирек кездесетін түрі – Азия барысының бар екенін растады.

Осыдан кейін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аңды зерттеу бойынша жұмыстарды бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898879-burabajda-askania-bgylary-fototzakka-tsip-kaldy/

pixel