jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 17 ақпан күні еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасады деп хабарлайды Қазгидромет.

17 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі деп отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

17 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман түседі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгілі астролог Ирина Әбдірайымова қыстың соңғы айына болжам жасаған еді.

Оның болжамынша, ақпан айында нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар өзгереді.

"Әлеуметтік жағдай нашарлайды. Кейбір көшбасшылар саяси аренадан мүлде кетуі ықтимал. Көлік дәлізін қайта қарау мәселесі көтеріліп, оларға талас басталады. Табиғи апаттар, жарылыс, теракт, тау-кен, мұнай-газ, теміржол салаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарында апат болуы мүмкін, революциялық оқиға және билік трансформациясы болжануда", - деді маман.

Сонымен қатар қыстың үшінші айында банк, қаржы жүйесінде өзгерістер, қолма-қол ақшамен қиындықтар туындауы мүмкін.Валюта бағамы құбылады. Астролог доллардың нығаюы мүмкін екенін ескертті.

"Менен көбі "Ақшаны қай валютада сақтайын?" деп сұрайды. Мен жақын арада доллармен сақтауға кеңес беремін", - деді астролог.

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.