RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 205 мыңға жуықтады

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте елімізде 869 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 205 мыңға жуықтады деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 105

Алматы қаласы - 105

Шымкент қаласы - 8

Ақмола облысы - 72

Ақтөбе облысы - 19

Алматы облысы - 6

Атырау облысы - 35

Шығыс Қазақстан облысы - 71

Жамбыл облысы - 11

Батыс Қазақстан облысы - 84

Қарағанды облысы - 65

Қостанай облысы - 69

Қызылорда облысы - 6

Маңғыстау облысы - 4

Павлодар облысы - 114

Солтүстік Қазақстан облысы - 32

Түркістан облысы - 8.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 204 924.

Айта кетейік, бұған дейін "Кардиология және ішкі аурулар" ғылыми зерттеу орталығы ішкі аурулар кафедрасының профессоры Сәуле Қасенова коронавируспен ауырғандардың 20 пайызында ауру белгілері екі жылға дейін сақталатынын айтқан еді.

"Аурудың клиникалық белгілері болғандарда 3 айға дейін, ауыр түрімен ауырғандарда 2 жылға дейін сақталады", - дейді маман.

Сондай-ақ ол ауырған адамды ұзақ уақыт бойы жөтел, демікпе, әлсіздік, бас ауруы мен бас айналуы мазалауы мүмкін екенін де жеткізген болатын.

"Кейбіреулерінің жүрегінде, енді бірінің кеудесінде ауырсыну пайда болады. Ұйқысы бұзылып, есте сақтау қабілеті нашарлап кететіндер де бар", - дейді Сәуле Қасенова.

Профессор инфекциядан кейін қайта қалпына келтірудің әртүрлі жолдары бар екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899557-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-205-mynga-zaqyndady/