jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Сүйікті әйелдері үшін француз иіссуын ұрлаған азаматтың ісі әшкере болды

Ұрлық сәті
Видеодағы кадр: instagram.com/dp_pavlodar

Павлодарлық азамат дүкеннен төрт құты француз иіссуын ұрлап кеткен. Жұбайымен бірге сауда дүкеніне кірген ер адамның әрекетін сол жердің бейнебақылау камералары жазып алыпты. Кейін полицияға берген түсініктемесінде ол сүйікті әйелдеріне сыйлық жасағысы келетінін айтқан деп хабарлайды облыстың ПД-ның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Жеңіс Жансеркеновтің айтуынша, ер адам сауда үйіне келіп, сөреде тұрған әтірлерді ұрлаған. Оның әрекеті камераларға жазылыпты.

Видеодан ер адамның иіссулар тұрған сөреге жақындап, 4 құты француз әтірін қойнына қалай жасырғанын көруге болады. Содан кейін ер адам және оның серігі дүкеннен шығып кеткен.

Шығын мөлшері шамамен 100 мың теңгені құрайды.

"Алдағы мерекелерге арналған сыйлықтарға қуану көпке созылмағаны рас. Полицияға дүкен өкілінен арыз түскеннен кейін ер адамды дереу жедел әрекет ету қызметкерлері тауып алды. Ол Павлодардың 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Өз әрекетін сүйікті әйелдеріне сыйлық сыйлағысы келгенін айтып түсіндірді", – деді Жеңіс Жансеркенов.

Полицейлер қала тұрғынының серігі сүйіктісінің мұндай әрекетіне қарсы болмағанын атап өтті. Енді ғана оған қатысты "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, 16 ақпан күні Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне қалаға қарасты ауылдардың бірінің 64 жастағы тұрғыны шағымданған еді. Зейнеткер полиция қызметкерлеріне белгісіз біреудің өзінің банк карточкасынан 340 мың теңге ақшасын шешіп алғанын айтқан болатын.

Сүйікті әйелдері үшін француз иіссуын ұрлаған азаматтың ісі әшкере болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.