jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

ҰБТ-дан шет тілі алынып тасталды деген ақпарат рас па

Фото
Көрнекі фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Қазнетте мектеп түлектері енді шет тілінен Ұлттық бірыңғай тест тапсырмайды, өйткені бұл оларды елден кетуге итермелейді деген хабарлама тарады. Stofake.kz сайтының жазуынша, бұл желіде тараған кезекті жалған ақпарат.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, Қазақстанда ҰБТ-да бейіндік пәндер тізімінен шет тілдерін және басқа да пәндерді алып тастау жоспарланбаған.

"ҰБТ шет тілін және басқа да пәндерді алып тастау туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ресми дереккөздерден тараған ақпаратты пайдалануыңызды сұраймыз", – деп хабардар етті ведомство Instagram-дағы ресми парақшасында.

Сонымен бірге желіде жақында мектептерде бірқатар пәндерді оқыту тоқтатылады делінген жалған ақпарат тараған.

Атап айтсақ, дене шынықтыру – Қазақстаннан қалай қашуды, география – мектеп оқушылары қайда қашуға болатынын білмеуі үшін және неге қашу керектігін түсіндіретін тарих пәні.

Бұл әзіл болса да, көптеген қазақстандықтар мұны шынайы қабылдаған деп жазады басылым.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасап, ведомствоның атынан Instagram әлеуметтік желісінде ашылған @minzdrav_rkz парақшасының жалған парақша екенін хабарлаған еді.

Желі қолданушылары министрлікке жүгінгенде немесе денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына қатысты шағымданғанда осы парақшаны белгілеуді жалғастыруда екен.

ДСМ мәліметінше, ведомствоның Instagram желісінде бір ғана ресми парақшасы бар. Ол - @healthcare.gov.kz.

ҰБТ-дан шет тілі алынып тасталды деген ақпарат рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.