Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде сенімхатсыз ресейлік көлікті басқаруға тыйым салынатыны рас па

Опубликовано:

көлік жүргізуші
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Ресейде есепке қойылған көліктердің иелеріне Қазақстан аумағында сенімхатсыз жүруге тыйым салатын құжаттың суретімен бөлісуде. Еліміздің бас прокуратурасы бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады деп жазады stopfake.kz.

"Желіде Қазақстан Республикасы бас прокурорының бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулысы таралуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіні ресми сайтта жарияланады. Арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенулеріңізді сұраймыз", – дейді бас прокуратура.

Басылымның жазуынша, фейк фотосуретке мұқият қараса, онда орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады.

Сондай-ақ мәтінде құжаттың ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланғаны айтылған, алайда ведомство сайтында мұндай құжат жоқ.

Сонымен қатар жалған ақпарат таратушы негізге алған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ екенін айта кетейік. Олардың саны 25 ғана.

Фейк құжаттың мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қателердің де көп екеніне назар аударған жөн.

жалған құжат1
Дереккөз: stopfake.kz

Айта кетейік, бұл желіде тарап жатқан алғашқы жалған ақпарат емес.

Бұған дейін желіде ҰБТ-дан шет тілі алынып тасталды деген ақпарат тараған еді.

Алайда Ұлттық тестілеу орталығы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын, Қазақстанда ҰБТ-да бейіндік пәндер тізімінен шет тілдерін және басқа да пәндерді алып тастау жоспарланбағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901168-elimizde-senimxatsyz-reseilik-kolikti-basqaruga-tyiym-salynatyny-ras-pa/

pixel