Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай Түркістанда басшылық қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай "Turkistan Media Holding" компаниясының бас продюсері болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат өкілінің өзі хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай өзінің басшылық қызметке тағайындалуы туралы қуанышты жаңалықпен Facebook парақшасында бөлісіп, құттықтап жатқан көпшілікке алғысын жеткізді.

Белгілі журналист Түркістан қаласындағы "Turkistan Media Holding" компаниясының бас продюсері болды.

"Құрметті достар, жақсылар, тілектеріңізге рахмет! Кешеден бері жылы лебіздеріңіз бен құттықтаулар толастар емес. Телефонға да смс-тер мен қоңыраулардан тыным болмай жатыр. Көңіл көңілден су ішеді ғой, жақсы сөз бәріміздің көңілімізге жағады. Жауапкершілігі үлкен жұмысты Алланың қолдауымен, сіздердің көмектеріңізбен абыроймен атқарып шығуды нәсіп етсін. Бұл да өмірдегі бір үлкен белес" , - деп жазды Асхат Садырбай Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұл қызметімен қатар, Асхат Садырбай ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болып табылады.

Желі қолданушылары журналисті жарыса құттықтап, жаңа жұмыс орнында оған сәттілік тіледі. Құттықтаушылар арасында ақпарат өкілінің шоу-бизнес саласындағы жұлдызды достары да бар.

"Тың жобалар, тың дүниелермен туған жерді дамыта беріңіз" , "Әбден лайықсыз" , "Құттықтаймыз. Жаңа жұмыста сәттілік серік болсын" , "Сіз үшін қуаныштымыз. Тек қана алға" , "Құтты болсын. Іске сәт" , - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901687-asxat-sadyrbai-turkistanda-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel