Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан коронавирус бойынша "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram арнасында хабарланды.

2021 жылдың 8 наурызындағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес еліміздің ешбір өңірі "қызыл" аймақта жоқ.

Дегенмен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облысытары "сары" аймақта тұр.

Ал Қазақстанның басқа өңірлері "жасыл" аймақта.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте 653 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 218 754-ке жетіп отыр.

Оған қоса, коронавирустың таралуы қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймаққа қайта енгені туралы жазған едік.

Айта кетсек, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов еліміздегі карантин жағдайларына байланысты жаңа қаулыға қол қойған болатын.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға оқытуға рұқсат беріледі. Қаулы 2021 жылдың 9 наурызы сағат 00:00-де күшіне енеді.

Сонымен қатар, Германияда супермаркеттер желісі COVID-19-ды өз бетінше тестілеуге арналған жиынтықты сатуды бастады. Мұндай жиынтықтар тұрғындар арасында сұранысқа ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902360-qazaqstan-koronavirus-boiynsa-sary-aimaqqa-otti/

pixel