Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мектеп оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады

Опубликовано:

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

"Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады", - деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар ведомствоның мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болған. Ол 8-14 ақпан аралығында 7 күнге созылған.

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9, 11, 12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызы – дәстүрлі форматта, 30 пайызы – қашықтан) форматына көшірілді.

Сондай-ақ 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда (сыныптарда бала саны 25-ке дейін) оқушыларды аралас форматта оқытуға рұқсат берілді.

Айта кетсек, Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин балалар мектепте маска тағуы керектігін айтқан болатын. Оның сөзінше, бұл мектептің басқа да қызметкерлері мен ұстаздарына қатысты.

Бекшин еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 5 жасқа дейінгі балаларға ғана маска тақпауға рұқсат екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902598-qazaqstandyq-mektep-oqusylary-koktemgi-demalysta-qansa-kun-demalady/

pixel