Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан қонақүй әкімшісі ұсталды

Опубликовано:

Жезөкше
Көрнекі фото: Fotolia / Photographee.eu

Алматы облысы Есік қаласында қонақүй әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің ресми polisia.kz сайты.

7 наурыз күні Есік қаласында жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 28 жастағы қонақүй әкімшісін ұстады. Ол карантин уақытында интим қызметтер көрсетуге арналған притондар ұйымдастырып, оның қызметіне белсенді атсалысқан. Жеңгетайлықпен айналысқан әйел жеңіл жүрісті қыздар мен клиенттерден ақша алу арқылы оларға үй-жай беріп отырған.

Одан бөлек, Алматы облысының 44 жастағы, оңтүстік астананың 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Олар клиенттерге интимдік қызмет көрсетумен айналысқан.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі "жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе оларды ұстау" бойынша тіркелді.

ӘҚБтК-нің 425, 450-баптары бойынша (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу және жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беру) әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жеке өндіріске бөлінді.

Осыған дейін Тараз қаласы Төле би көшесіндегі сауықтыру кешенінде жезөкше әйелдердің притоны анықталғанын жазған едік. Полицейлер ғимаратта әкімші болып қызмет еткен 46 жастағы әйелді қолға түсірген.

Сонымен қатар, Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені хабарланған еді.

Оңтүстік астанада массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902758-almaty-oblysynda-zengetailyqpen-ainalysqan-qonaqui-akimsisi-anyqtaldy/

pixel