Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрбір тісі қағылған": Алматыда өлтірілген қыздың туыстары мәлімдеме жасады (18+)

Опубликовано:

Аяжан Еділова
Аяжан Еділова. Фото: Марқұмның туыстарынан

Алматыда өлі күйінде табылған Аяжан Еділованың туыстары мәлімдеме жасады. Олар істің егжей-тегжейін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айтуларынша, полицейлер арызды бірден қабылдамаған. Ал күдіктінің туыстары байланысқа шықпаған.

"Біз полицияға жүгінген кезде бізге оның жігітпен ұйықтап жатқанын, біздің күтуіміз керектігін айтты. Біз өз күшімізбен мекенжайды тауып, сол жерге барсақ, онда полицейлер бар екен. Олар сағат 22:00-де келгендерін айтты. Еріктілер мен жедел қызметкерлердің арасы небәрі бір сағат. Полицияда база, коммуникация бар, алайда олар бізден бір сағат бұрын ғана барған", - дейді қыздың ағасы Алмат Мүліков.

Оның сөзінше, Аяжанды іздеуді 20 наурыз күні бастауға болар еді.

"Бір тәулік ішінде маньяк оны өте тиянақты әрі асықпай бөлшектеген. Олар күдіктінің берген түсініктемесіне сүйеніп, оның алдымен өлтіргенін, содан кейін денесін жасыру үшін бөлшектегенін айтуда. Бірақ біз суретін көрген кезде әрбір тырнағы қиылып, әрбір тісі қағылып, жеке полиэтилен пакетке салынғанын білдік. Ол басын кесіп алып, суға қайнатқан. Басынан тек сүйегі қалған. Қазір тану жүріп жатыр, олар дене мүшелерін жинап жатыр. Жалғыз мәйіт болмауы мүмкін. Сол себепті қазір сараптама кешіктіріліп жатыр", - дейді Алмат.

Алмат Мүліков
Алмат Мүліков. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оның сөзінше, әкесінің ДНҚ-мен салыстыру үшін туыстарына сараптама қортындысы берілмеген. Психиатр мен психолог көмегі де көрсетілмеген.

"Біз ДНҚ тестін күтіп отырмыз. Мұны біздің өзімізге жасатуға мүмкіндік берсін. Ата-анасы күмәндануда, өйткені кейбір заттар табылмаған, аяқ киім, телефон, қол сөмкесі жоқ. Олар (полиция-ред.) бұл Аяжан екенін 100 пайыз сенімді түрде айта алмайды.

Біз оның (күдікті-ред.) фармацевт мамандығы бойынша оқып, осы жерден пәтер жалдағанын білеміз. Оны ұсталған кезде көрдік. Есікті ашқан кезде ол өзінің тамағын кесіп үлгерді. Сондай-ақ ұстау кезінде оның полицейлерге миығынан күлгені туралы ақпарат бар. Біз оның түсініктемесіне сенбейміз, өйткені әзірге сараптама жоқ", - дейді марқұмның ағасы.

Оның ойынша, күдікті Аяжанды жұмыс бабы бойынша алдап, құрығына түсірген.

Сондай-ақ Алмат қарындасының жеңілтек қыз емес екенін айтады. Себебі ол ең алдымен дабыл қағып, іздеу жұмыстарына атсалысқан жігітпен бірнеше ай бойы кездескен.

"Біз істі президент пен ІІМ басшысы өз бақылауына алғанын қалаймыз. Оны қабілетсіз деп танып, жазадан құтылып кете ме деп қорқамыз", - дейді Алмат Мүліков.

Ер азаматтың сөзінше, қыздың ата-анасы Талдықорғанда. Олар бес күннен бері денесін ала алмай, қыздарын жер қойнына тапсыра алмай отыр.

Еске салайық, Аяжан Еділованың жоғалғаны аптаның басында, мереке күндері белгілі болды. Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған.

Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын хабарлады.

Одан бөлек, полиция ұстау кезінде күдіктінің өз өзін өлтірмек болғанын айтты. Қазір ол ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904877-arbir-tisi-qagylgan-almatyda-oltirilgen-qyzdyn-tuystary-malimdeme-zasady-18/

pixel