Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың өлімі: Өзіне қол салған күдікті ауруханадан шығарылды

Жарияланған күні:

Аяжан Еділова
Аяжан Еділова. Фото: Марқұмның туыстарынан

19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген 28 жастағы күдікті ауруханадан шығарылды деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, күдікті ауруханадан шығарылған. Ер адамға "қамауға алу" шарасын таңдалғандықтан, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ол абақтыда болады.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Аяжан Еділованың жоғалғаны мереке күндері белгілі болды. Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған.

Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын хабарлады.

Одан бөлек, полиция ұстау кезінде күдіктінің өз өзін өлтірмек болғанын айтты.

Кейінірек марқұмның туыстары мәлімдеме жасады. Айтуларынша, полицейлер арызды бірден қабылдамаған. Ал күдіктінің туыстары байланысқа шықпаған.

"Біз полицияға жүгінген кезде бізге оның жігітпен ұйықтап жатқанын, біздің күтуіміз керектігін айтты. Біз өз күшімізбен мекенжайды тауып, сол жерге барсақ, онда полицейлер бар екен. Олар сағат 22:00-де келгендерін айтты. Еріктілер мен жедел қызметкерлердің арасы небәрі бір сағат. Полицияда база, коммуникация бар, алайда олар бізден бір сағат бұрын ғана барған", - дейді қыздың ағасы Алмат Мүліков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904938-ayazan-edilovanyn-olimi-ozine-qol-salgan-kudikti-auruxanadan-sygaryldy/