RU

Бір тәулікте 18 адам: Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны күрт өсті

Аурухана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте коронавирус пен C0VID-19 белгілері бар пневмониядан 20 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Бұл туралы мәлімет ведомствоның Telegram арнасында жарияланған. Өткен тәулікте 1921 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, тағы 18 науқас COVID-19-дың құрбаны болған.

Қазір елімізде 27 836 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 10 354 пациент стационарда, 17 482 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

452 адамның жағдайы ауыр, 117 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 17 адамға коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылып, тағы 2 пациент қайтыс болған.

Өткен жылдың 1 тамызынан бері бұл диагноз 50 832 адамға қойылған.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 4 сәуіріндегі эпидемиологиялық ахуал бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта.

Айта кетсек, өткен аптада мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте үкімет жұмысын қатаң сынға алды.

Сондай-ақ отырыс барысында президент министр Алексей Цойға ескерту жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906233-bir-taulikte-18-adam-elimizde-koronavirustan-qaitys-bolgandar-sany-kurt-osti/