Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында үйінен кетіп қалған 15 және 17 жастағы жасөспірімдер әлі табылмай жатыр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Жамбыл облысында үйлерінен кетіп қалған екі жасөспірім он күннен бері табылмай жатыр деп хабарлайды 31 арна.

Алдын-ала мәлімет бойынша, екі жеткіншек бір-бірлерін ұнататындарын айтып, ата-аналарынан рұқсат сұраған екен.

Алайда үлкендер қарсы болған көрінеді. Осылайша, екі ғашық қол ұстасып үйлерінен кетіп қалған.

Куәгерлер соңғы рет 17 және 15 жастағы екі жеткіншекті қала шетіндегі аудандардың бірінен көргенін айтқан. Содан бері олардан хабар жоқ.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің ортақ таныстарынан олар туралы сұрастырған. Дегенмен құрдастары қайда екенін білмейтін болып шықты.

Кейінірек іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылып, қараусыз қалған ғимараттар мен саяжайларды қарап шыққан. Себебі, жастардың жиі баратын бірнеше ескі ғимараттары болған.

Әзірге екі жасөспірімді іздеу жұмыстары нәтиже бермей тұр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының полицейлері кәмелетке толмаған үш жасөспірім қызға іздеу салғанын жазған едік.

"Отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы" үйінің тәрбиеленушілері 25 наурызда түнгі 02:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды.

Ал үшіншісі өткен аптаның соңында оңтүстік астананың маңынан табылды. Қыздар Алматыға неліктен кеткенін және 10 күн бойы қалай өмір сүргенін қамқоршылар айтпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906456-zambyl-oblysynda-uiinen-ketip-qalgan-15-zane-17-zastagy-zasospirimder-ali-tabylmai-zatyr/

pixel